Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») іске асырудың алдын ала қорытындылары» тақырыбындағы көшпелі кеңейтілген отырысы

КІБЕРҚАУІПСІЗДІК - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бүгін, 2023 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») іске асырудың алдын ала қорытындылары» тақырыбындағы көшпелі кеңейтілген отырысын өткіздік. Осы іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, оның қарамағындағы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ біздің Комитет депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында «Қиберқалқан» тұжырымдамасының алдын ала қорытындылары мен орын алған проблемалық мәселелері талқыланды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде жаңа цифрлық технологияларды кеңінен енгізу міндетін қойғаны белгілі. Қазір «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асуда. Сонымен бірге технологиялардың дамуы киберқылмыспен байланысты жаңа тәуекелдерді тудыруда. Киберқорғау – цифрландыру жағдайындағы тың бағыт. Бұл Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып табылады.

Осыған орай аталған Министрлік өкілі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы ұлттық қауіпсіздік саласындағы, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің өкілдері баяндама жасады. Бұдан басқа халық депутаттары да өз сұрақтарын тиісті ведомство өкілдеріне қойып, пікірлерімен бөлісті. Жалпы алғанда аталған Тұжырымдаманың орындалу барысы жақсы деуге болады. Бірақ, технологиялық даму бір орында тұрмайды. Сол себепті жауапты мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздік саласындағы жұмысты жалғастыруы өзекті мәселе.