Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Айгүл Құспан ТМД ПАА Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясын басқарады

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырыстарына қатысты.   ТМД ПАА елу бесінші жалпы отырысында ТМД елдерінің экология және табиғатты пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ осы саладағы заңдардың жаңа үлгісі талқыланды. Кеңес отырысының тақырыбы 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы мен 2023 жылдың наурызындағы парламент сайлауын бақылауға қатысқан Ассамблея  халықаралық байқаушыларының нәтижелеріне арналды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ұйымның өткен жылғы жұмысын қорытындылап, тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлады. Дауыс беру нәтижесінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан ТМД ПАА Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясын басшысы болды.

_________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі

Ақпарат көзі: https://parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49999/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі