Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің арнайы отырысы


Жиында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы сөз сөйледі.


«Гейдар Алирза оглу Алиев – қазіргі тәуелсіз Әзербайжан мемлекетінің негізін қалаған біртуар тарихи тұлға, өз дәуірінің кемеңгер көшбасшысы.

Мықты саясаткер, парасатты басшы бүкіл ғұмырын әзербайжан ұлты мен мемлекетінің дамуы жолында сарп етті.

Гейдар Алиев әлемнің түкпір-түкпіріндегі барша әзербайжандар үшін Ұлт лидеріне айналып, қазіргі Әзербайжан мемлекетінің жасампаз басшысы болды.

Замандастары бірегей тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, табандылығын, әділдігі мен адалдығын, бекзат болмысын жоғары бағалады.

Бүгінгі таңда, Гейдар Алиевтің бай саяси мұрасы – әзірбайжан халқының ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің таусылмас рухани қазынасы, темірқазығы», - деп баса айтты біздің спикер.