Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Достық дәнекері

Тартымды дәстүр бойынша ұлттық Парламентте елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін достық топтары жұмыс жасайды. Сондай игі ниетпен Литвамен достық тобы ҚР Парламенті Мәжілісінде құрылып, оның төрайымы ретінде сайландым. Бұрын Балтық мемлекеттерінде қызмет еткен қазақ мәмілегері ретінде бұл маған жүктелген әрі үлкен сенім, әрі мен үшін мәртебе десе болғандай.

Бүгін Литваның Елшісі осы топтың мүшелерін өз Елшілігіне, бізше айтқанда, ерулікке шақырды.

Емін-жарқын жайылған қарапайым шай дастарқаны басында ашық та тату әңгімедүкен құрып, екі жақты қарым-қатынастарымызды дамыту туралы сөз қозғадық.

Елші өз елі туралы, біздің болашақ бірлескен қызметіміз туралы пайым-пікірлерімен бөлісті.

Әріптестерімізбен бірге ендігі жерде екі елдің парламентаралық байлнаыстарын бұрынғыдан да тереңірек дамытамыз деген ойдамыз.