Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Мәжіліске Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі келді.

Бақтықожа Ізмұхамбетов Алжир Қазақстанның Африка мен ислам әлеміндегі басты серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. – Біз екіжақты қарым-қатынастар аясындағы парламентаралық байланыстарымызға үлкен мән береміз. Сіздерді достық топтар деңгейінде ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге шақырамын. Бұл екі тарапқа да заң шығару саласында мол тәжірибе алмасуға және халықтарымыз арасындағы достықты нығайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді Бақтықожа Ізмұхамбетов. Елші Камал Фениш Алжир мен Қазақстанның ұстанымдары, мемлекеттік аумақтары, пайдалы қазбалары және көптеген байланыс нүктелері ұқсас екенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Алжирдің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. – Мен Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан саяси реформалар үшін ризашылығымды білдіремін. Олардың ең маңыздысы Конституциялық Кеңесті Конституциялық Сотқа айналдыру. Бұл әділеттілікті орнатуда үлкен рөл атқарады. Дәл осындай реформа біздің елде де жүргізілді. Конституциялық соттың өкілеттігі кеңірек болғандықтан, ол саяси шешімдерге араласа алады. Мен Қазақстанның Конституциясымен таныстым, ол маған үлкен әсер қалдырды», - деп атап өтті Камал Фениш. Кездесу барысында депутаттар Алжирдің заңнамалық және құқықтық жүйелеріне қатысты және басқа да сұрақтарға жауап алды. Мәжілісмендер алжирлік әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға ниетті екендіктерін жеткізді. Өз кезегінде Айгүл Құспан Алжир елшісіне сапары үшін алғысын білдірді.


________________________________________________________________




Дереккөз: https://www.parlam.kz/ru/mazhilis/news-details/id50970/1/1


Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі