Құспан
Айгүл
Сайфоллақызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Мәжіліске Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хао Минцзин бастаған делегация келді

Мәжіліске Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хао Минцзин бастаған делегация келді. Қытайлық әріптестер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның қарқынды экономикалық дамуы, біртұтастық пен қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Біз ҚХР депутаттарына елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде мәлімет бердік. Бұл «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына сәйкес биліктің барлық тармағын жаңартуға жол ашады. Сондай-ақ Мәжіліс жұмысының нәтижелерімен, алдағы жоспарларымен бөлістік.

Қазақстан мен Қытай қазіргі күрделі жаһандық жағдайларға қарамастан сенімді серіктес, тату көрші болып қала береді. Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 32 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біздің екіжақты ынтымақтастығымыз жоғары деңгейге – мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікке көтерілді. Бұл - ең алдымен біздің мемлекет басшыларының тынымсыз еңбегінің жемісі. Хао Минцзин мырзамен парламентаралық дипломатия бойынша жұмысты күшейту және тиісті комитеттер мен достық топтары арасындағы байланысты кеңейту жөнінде келісімге келдік.