Нұртаза
Самат
Русланұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Астана қаласындағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару

Таңертең “Шарапат” қарттар үйіне бардық. Астана қаласындағы бірден-бір заманауи жабдықталған ұйым. Бүгінгі күні бұл орталықта 335 адам жатыр, оның 60 адамы ақылы (айына 97000тг), қалған 275 адам бюджет секциясында.

“Ол не ақылы қариялар?” деп директордан сұрап едім, “балалары яки туысқандары әкеліп тастағандар, бірақ солар 97000тг төлеп тұрады” деген жауап алдым. Қалған 275 адам балалары жоқ, немесе балалары бас тартқан қариялар.

Бұл 335 адам ішінде болса, сыртта соншама қарттар “үйлі-күйлі жалғыздық” режимында осы “Шарапаттың” қарамағында отыр. Ол қарттарға орталықтың мамандары аптасына 2 рет үйлеріне барып, көмектесіп тұрады екен.

“AMANAT” партиясының депутаттары ретінде, осы орталықтың қызметкерлерінің жалақысын көтеруді қолға аламыз. Тәжірибелі директордың жалақысы 250.000тг шамасында болса, қатардағы қызметкердің жалақысы айтпаса да түсінікті … “Шарапат” орталығының қызметкерлері Құдай жолында да, Адами жолда да ізгі игі іс жасауда. Адамның басы - Алланың добы.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0RcSi8dYT1uhyg9YBHMoY6673DeN4ZrRh8jRCUeBGqmzfSmsn9fdbu2PZNoeTNQvFl&id=100001589713179&mibextid=2JQ9oc