Нұртаза
Самат
Русланұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жастармен кездесу

Жастармен кездесу - жаныңа рахат беретін сәт. Жастарды көргенде, Елдің болашағына деген сенім ұялап, арқаланып рухтанасың.

Бүгін “Жастар сізбен кездескісі келеді” деген өтінішті естіп, жұмыс кестесінен тыс болса да жастармен кездесуге уақыт таптық. Жастардың сұрақтары мен ойлары, көзқарастары мен ой-өрісі мүлде бөлек екені сезілді. Заманауи. Нақты. Терең. Нағыз 2050-2070 жж Елімізді алға жетелейтін буын. Көздерінде от көрдім. Лап-лап еткен …

“AMANAT” партиясының қалалық филиалында кітапхана ашылып, сол зиялы мекен-жайда бас қостық. Жастар президентіміздің сыртқы/ішкі саясатының бағыттары мен “Болашақ” бағдарламасының қыр-сырын, өз оқуын тәмәмдағанда қандай жұмыс орнын таңдау мен өмірде қалай қателеспеу сияқты сұрақтарды қойды.

Білгенімізше жауап бердік. Жастар риза.

https://www.facebook.com/100001589713179/posts/pfbid02oWfeNLtGy4GT7MZhbkhgDEHdu3kcmiWL6stHKsEDeE28AFUY5rwnMMG5FUrnXq2Ll/?mibextid=2JQ9oc