Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Денсаулық сақтау саласындағы «AMANAT»партиясының сайлауалды уәделерінің іске асырылуы талқыланды. Жиынға партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Кеңес төрағасы Жұлдыз Сүлейменова қатысты.

Жиналыстың басталуына бірер сағат бұрын ғана шақырту алдым. Сондықтан жиынға алдын ала арнайы дайындалуға мүмкіндік болмады. Десе де, басқосу барысында  бірнеше сұрақ көтердім:

- Бүгінгі күні медициналық мекемелерді қаржымен қамтамасыз ету - өзекті мәселе. Еліміздегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын жүйелеу керек деп есептеймін. Бұл қор медициналық ұйымдарға ай сайын қаржы бөлуі тиіс. Алайда емханалар мен ауруханалар әлі күнге дейін қаңтар айының ақшасын ала алмай жүр. Сонда медициналық мекемелер дәрігерлердің жалақсын қалай төлемек? Дәрі-дәрмекті қандай қаржыға алмақ? Қор жұмысын неліктен тексермейді?

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссия құрамын кім анықтайды? Бүгінде комиссия құрамында қордың қызметкерлері мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары ғана бар. Менің ұсынысым - комиссия құрамының 60 пайызын қоғам таңдау керек. Дәлірек айтсам, жеке клиникалардан, науқастардың ассоциациясынан, мемлекеттік емес қызметкерлерден болуы керек.