Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азат Перуашев кәсіпкерлермен кездесті


    Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының Орталық кеңсесінде кәсіпкерлермен кездесті. Парламенттік партияның жетекшісімен кездесуге машина жасау қауымдастығы, IT-компания, фарммединдустрия, казхимпром, азық-түлік және өндеу өнеркәсібінің өкілдері келді. Шара бейне-конференция режимінде өтті. Партияның филиалдарына аймақтардың кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтарымен, мәселелерімен келіп бөлісті. Сондай-ақ бұл шараға депутаттар – Екатерина Никитинская, Берік Дүйсембинов және  Дәния Еспаева қатысты.

    Азат Перуашев фракцияның жұмысы туралы сөз сөйледі.
    Ағымдағы сессияның 4 айы ішінде фракция 36 сауал жолдады, олардың жартысынан көбі - бизнесті қолдауға арналған. Соның ішінде жалған кәсіпкерлік, сатып алу жүйесінде отандық кәсіпкерлерді қолдау, отандық және шетелдік инвесторлардың, қазақстандық кәсіпорындардың мүдделерін қорғау және т.б. Мәжілістің соңғы отырысында фракция тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жобалау-сметалық құжаттамада отандық өнімді ауыстыруға тікелей тыйым салуды енгізуді ұсынды.

    Фракция қаралып жатырған заң жобаларына 400 ден астам ұсыныстар жолдады, депутаттар 60-тан астам адамдарды жеке мәселе бойынша қабылдады, 200-ден астам өтініштер қаралды. Қабылдау барысында және жазбаша өтініштердегі көптеген мәселелер сауалдарға және заң жобаларын түзетулерге негіз болды.

    Перуашев сонымен бірге оң нәтижелерге де тоқталып өтті: көп жылдық тартыстан кейін жалған кәсіпкерлікті қылмыс деп танымау бабы іске асырылды; ШОБ субъектілерінің салық міндеттемелері бойынша талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды.  

    «Осы сессияда біз тағы да салықтық рақымшылықты, жаңадан құрылатын шағын және орта кәсіпорындар үшін толыққанды салықтық демалыстарды және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына 0-ден 5%-ға дейін төмендетілген салалық ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынадық.

    Фракцияның жер қойнауын пайдалану заң жобасына бірқатар түзетулер енгізілді, отандық өндірушілері қорғауға және шетелдік жер қойнауын пайдаланушы-инвесторлардың Қазақстандық мазмұнға байланысты міндеттемелерін орындауға бағытталған ұсыныстар бизнес-қауымдастық өкілдерінің өтініштері бойынша дайындалды.  

  Фракцияның ұлттық экономиканы де-офшоризациялау ұсынысы ақыры қабылданды. Жақында Бас прокуратура  «Ақ жолдың» бастамасын Қаржы министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған ҚР-ның оффшорлық юрисдикцияларымен операцияларды қысқарту жөніндегі Кешенді жоспарға, сондай-ақ ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастырғанын хабарлады.

    Фарммединдустрия қауымдастығының басшысы Руслан Сұлтанов
«Ақ жол» партиясына іскерлік мәселелерді шешуге қатысқаны үшін алғыс білдірді және Денсаулық сақтау кодексіне өзгерістер енгізу бойынша фракцияның қолдауына үміт білдірді. Осылайша, бірқатар дәрі-дәрмектерге баға шектеуін енгізу көзделуде. «Олар дәріхана сөрелерінен жоғалып кетпей ме? Шетел дәрі-дәрмектерінің анағұрлым қымбат аналогтарын сатудан көп пайда түсіру тиімді емес пе?», – деген сұрақтар фармкомпания өкілдерін мазалайды. 

    Сонымен бірге, олар дәрі-дәрмектерді тіркеу рәсімін тым бюрократияланған деп шағымданды, ол орташа 2-3 жылға созылады. Сертификаттау туралы сұрақтары да бар:  мысалы,  150 мың теңгеге көп мөлшерде рәсімдеу құны 100 мың теңгені құрайды - бұл, әрине, өнім бағасының өсуіне әкеледі.

    Депутат Е.Никитинская бағаны реттеу қолдау пакетімен сүймелденуі тиіс деп ұсыныс айтты. Мүмкіндікті пайдалана отырып, ол кәсіпкерлерден Салық кодексінің жаңа нормаларын зерделеуді және нақты қолданыстағы проблемалар туындаған жағдайда өз ұсыныстарын беруін  сұрады.  

    Қазақстан IT-компания қауымдастығының атқарушы директоры Жоламан Уәлиев саланың өзекті проблемаларын көтерді. Оның айтуы бойынша «Сандық Қазақстан» бағдарламасын іске қосқаннан бері осы саладағы жеке меншік кәсіпорындардың саны азайып келеді, себебі барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда IT-компаниялар құрылып жатыр.

    «Біздің әзірлемелерімізге сұраныс жоқ– мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор шетел өнімдерін сатып алғанды жөн көреді. Соның салдарынан – біздің болшағы бар жастарымызды шетел компаниялары жұмысқа шақырып, олар елден кетіп жатыр, - деп атап өтті Уәлиев. –Біздің кәсіпорындар микроплата, детектор және тағы басқаларды құрастыра алады. Бірақ бізде мемлекеттік тапсырыс жоқ. Мемлекетік органдар ДСҰ, ЕАЭО келісім-шарттарына сілтеме жасайды».

    Ол сондай-ақ кадрларды даярлау проблемасына да тоқталды.

    «Егер біз цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыратын болсақ, онда оқытуды мектептен бастауымыз керек. Ал бізде тіпті ЖОО-да бұл пәндерді өз ісінің мамандары жүргізбейді.  Ал кәсіби стандарттар? Шынымен біз оларды өзіміз әзірлей алмаймыз ба? 428 жаңа стандарттар жойылуға қойылған. Бізге Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша үйлестіру орталығы қажет», - деді Уәлиев. Оны Алматы қалалық филиалының қатысушылары қолдады.

    Осыған орай, Перуашев «білімді жастардың шетелге кетуін» болдырмау жөніндегі арнайы бағдарламаның қажеттілігі туралы фракцияның депутаттық сауалын еске салды, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын құруға мораторий енгізу қажеттілігі туралы «Ақ жолдың» бастамасын айтты.

    «Мемлекеттік кәсіпорындарды ауқымды жекешелендіру жүріп жатыр, мемлекет ерекше функциялардан құтылып, оларды бәсекелестік ортаға беріп жатыр. Сонымен бірге, жаңа мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, осы салада жосықсыз бәсекелестікте құрылып жатыр.

    Цифрландыру стратегиялық маңызы бар, ғылым қарқындылығының көрсеткішінің бірі. Елдің ақпараттық қауіпсіздігі мәселесі өте өткір –
өйткені серверлердің өзі шетелдікі. Ал ДСҰ және ЕАЭО келісім шарттарына келер болсақ – ШОБ-ке қолдауына тыйым салатын нормалар жоқ, сонымен бірге көптеген ДСҰ-на мүше елдердің үкіметтері жергілікті мазмұн саясатын жүзеге асырып, отандық бизнесті қолдауға арналған әр түрлі әдістерді қолданады», - деп атап өтті Перуашев және «Барлық елдер өздерінің өндірушілерін қолдайды. Бұл тәжірибе біздер үшін өте маңызды. Мен Үкіметке және «Самұрық-Қазына» қорына әлемдік тәжірибені зерттеуге және қазақстандық өндірушіні қолдаудың өзіндік моделін әзірлеуді тапсырамын»- деген Елбасының сөзін келтірді.

    Жақын арада IТ-сала кәсіпорындарымен кездесу ұйымдастыру ұсынылды.

    Азат Перуашев сондай-ақ кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.