Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ақ жол» фракциясы Президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу ұсынысын талқылады

    Жаңа ғана Мәжілісте «Ақ жол» демпартиясы фракциясының отырысын өткіздік. Президент Қ.Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу ұсынысын талқыладық.

    «Ақ жол» фракциясы бастау алған саяси реформаларды жүзеге асыру үшін Республика азаматтарын біріктіріп, Парламент қана емес, жалпы Қазақстан халқының қолдауын табу жағдайындағы орынды, мүмкін, жалғыз дұрыс шешім деп санайды.
    «Ақ жол» демпартиясы осындай референдумның дайындығы мен өткізілуіне, Мемлекет басшысы ұсынған Конституциялық өзгерістерді қоғамның барлық өкілдеріне, ең алдымен, өзіміздің негізгі электорат - кәсіпкерлер мен зиялы қауымға түсіндіріп жеткізуге тікелей ат салысады.
    Сағат 16:00-ге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар филиалдарының, сондай-ақ жергілікті мәслихаттардағы барлық 234 депутатымыздың бейнеконференция арқылы қатысуымен «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумын өткізіп, референдумға қатысты партияның ұйымдастырушылық мәселелерін талқылаймыз.