Перуашев
Азат
Тұрлыбекұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ақжолдықтар» Конституциялық өзгерістер тақырыбын талқылады

    Сенбі-жексенбі күндері Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалдары өкілдерімен жиын өткізіп, алдағы Конституциялық өзгерістер мен Президент Қ.Тоқаевтың осы реформа жөніндегі жұмыс комиссиясының жуырда өткен отырысында сөйлеген сөзін талқыладық.

    Семинарға менімен бірге партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев, партия Бақылау комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев, Ұлттық кеңесінің идеологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы Арман Сқабылұлы, Ұлттық кеңестің хатшысы, партия Орталық аппаратының жетекшісі Асылхан Қожахметов, партияның Жастар ұйымдары кеңесінің үйлестірушісі Ғазиза Тәжібаева, партиялық комиссия төрағасы Евгений Кинцель (Солтүстік Қазақстан облысы), Мәжіліс депутаты Андрей Линник, филиал төрағалары - Алматы қаласынан Олжас Нұралдинов, Алматы облысынан Мейраш Шынасылова, Жамбылдан Мұқанбетәлі Шалқарбеков, Ақтөбеден Асқар Садықов, Атыраудан Ермекқали Юсупов, Алматы қалалық филиал төрағасының орынбасары Арман Жұмаділ, Алматы облыстық филиалының Жетісу аймағы бойынша төраға орынбасары Ермек Егінбаев, Ақмола филиалы төрағасының орынбасары Бақытбек Смағұл, Батыс Қазақстан филиалы төрағасының орынбасары Бағдат Ізмағанбетов, партиямыздың мәсліхаттар депутаттары мен идеологиялық жұмысына жетекшілік ететін барлық басқа филиалдар жетекшілерінің өкілдері қатысты.

    Семинарда конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен одан «Ақ жол» демпартиясы үшін туындайтын міндеттер талқыланды.

    Өздеріңізге белгілі, өткен жылдарғы партияның Саяси бағдарламасында алға қойылған бірқатар міндеттер Президент Жолдауында өз шешімін тапты – бұл бірінші кезекте парламентаризмді нығайту, экономика мен саяси өмірді монополиясыздандыру, әкімдерге билік партиясы филиалдарын басқаруға тыйым салу және т.б.
Осыған байланысты партия Бағдарламасын жаңа міндеттер мен жаңа күн тәртібіне жаңарту қажеттілігі туындады. Яғни, әңгіме «Ақ жол» демпартиясының негізгі құжатының жаңа редакциясын келе жатқан кезеңіне «алдын ала» әзірлеу, жаңа сын-қатерлерге баға беріп, нақты шешімдерді іздеу туралы болып отыр.

    Әрине, мұндай жұмыстар ұлттық және жергілікті деңгейдегі барлық партиялық құрылымдармен тығыз қарым-қатынаста жүргізілу шарт; жергілікті мәслихат депутаттарының ұстанымына, «Ақ жол» партиясының белсенділері мен мыңдаған жақтастарының, оның ішінде жастардың пікіріне сүйену қажет. Сонымен қатар, бастапқы кезеңде тың тәсілдер мен идеяларды барынша қамту мақсатында мұндай ұсыныстарды әзірлеуді орталықсыздандыру туралы ұсыныс жасалды.

    Екі күндік талқылаудың қорытындысы бойынша осындай талқылауларды барлық филиалдарда өткізуді бастау туралы шешім қабылданды, оның қорытындысы бойынша «Ақ жол» ҚДП-ның 20 жылдығына арналған республикалық конференциядан бастап (19 мамырға жоспарланған) тоқсан сайын Саяси бағдарламамызды және оның негізгі бағыттарын өзектендіру бойынша филиалдар арасында пікірталастар өтеді.

    Бұл жұмыс партияның бағдарламасы жаңа саяси жүйенің құқықтық шарттарына, сондай-ақ алдына қойылған міндеттерге барынша сәйкес келіп, қоғамдағы «Ақ жол» партиясына деген сұранысты және Саяси бағдарламамыздың өзектілігін арттыру үшін Конституция мен конституциялық заңдардың түпкілікті нұсқасын Парламент пен Президент қабылдағанға дейін жалғасады.

    Бұл ретте партияның тұжырымдамалық басымдықтары бекітілді: парламенттік республикаға перспективті көшуге, мемлекеттілік пен «Алаш» жалпыұлттық идеясын ұстануға бейімділік; нарықтық реформаларды, жеке кәсіпкерлік пен адал бәсекелестікті қолдау; экономиканы деофшоризациялау және сыбайлас жемқорлықпен күресу; табыстың өсуі мен қарапайым азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту; әлеуметтік әділеттілік және бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайту; экономикалық және саяси жүйелерді монополиясыздандыру және т.б.

    Бұл жұмысты үйлестіру Ұлттық кеңестің хатшысы Арман Сқабылұлы мен «Ақ жол» демпартиясы Жастар ұйымдары кеңесінің үйлестірушісі Ғазиза Тәжібаеваға жүктелді.