Сәрсенғалиев
Нартай
Аралбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

Қазақстандағы казинолар мен букмекерлік кеңселердің жылдық қаржылық айналымы:

2020 жылы - 89 миллиард теңге.

2022 жылы - 500 миллиард теңге.

2023 жылы - 1 триллион теңгеден асады.

Қазақстандағы букмекерлік кеңселер мен казинолардың 1 күндік қаржылық айналымы 3,5 миллиард теңгеге жетті!

🚨Бүгін Семейде ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Тақырып лудомания. Бұл дертті қалай жеңеміз? Статистика сұмдық!

Қараңыздар: 1 қазақстандықтың букмекерлік кеңселер мен казинолар алдындағы қарызы орта есеппен 10 миллион теңге. Ажырасқан 10 жұптың 7-і лудоманияның салдарынан екі жаққа кетеді.

🚨Қазір Қазақстанда 700 мың оқушы онлайн букмекерлік кеңселер мен ойын автоматтарында кемінде бір рет бәс тіккен. Жарнамасы сұмдық бұлардың, биыл онлайн құмар ойынды жарнамалаған 1783 интернет ресурс бұғатталған.

🚨Лудоманиядан адамды емдеу мүмкін бе? Ресми дерек: 1 ойыншыны емдеуге кемінде 5 ай керек. Емнің әр айына 600 мың теңге жұмсау керек. Бірақ бұл да шешім емес. Мамандар бір дерек айтты, 9 жыл лудоманиядан емделген адам орталықтан шыға сала қайтадан құмар ойынға салынып кеткен.

🚨Казинолар мен букмекерлік кеңселерді, ойлайн казиноларды толық жабу керек пе? Әлде тек жарнамасын тоқтату керек?


Image title

Image title