«Мәжіліс.KZ» - «Хабар» телеарнасында Мәжіліс депутаттарының жұмысына арналған жаңа телевизиялық жоба.
Аталған жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамытуға және нығайтуға бағытталған «тыңдайтын мемлекет» қағидасы бойынша бастамаларын жүзеге асыру аясында қолға алынды.
Әрбір аптаның жексенбісінде Мәжіліс депутаттары, заң жобаларын дайындаушылар және азаматтық қоғам өкілдері қандай бір заңнамалық құжаттың қабылдану қажеттілігін, қазақстандықтар өміріне ықпалын жан-жақты түсіндіре отырып, отандық заңнаманы жетілдіру жолдарын қарастырады.