20.02.2021

Мәжіліс депутаттары Жаңатастағы қайғылы оқиғаға көңіл айтты


Нұр-Сұлтан, 20 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер туралы суыт хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына, туған-туыстарына орны толмас оқиғаға байланысты барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Палата Спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі