Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.01.2022

Мәжіліс Үкімет мүшелерінің кандидатураларын келісті


Нұр-Сұлтан, 11 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте палатаның тиісті комитеттерінің отырыстары өтіп, онда Премьер-Министрдің орынбасарлары мен министрлер лауазымдарына тағайындауға үміткерлер бойынша кеңестер өтті.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитеттің отырысында қаралды.

Мәжілісте министрлер лауазымына кандидаттарды келісу тәртібіне депутаттардың сұрақтарына жауап беру, кандидатты тиісті саланы дамыту жоспарлары, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешудің ұсынылған жолдарын қарастыру мәселелері кіреді.

Сонымен, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелеріне ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау үшін Роман Васильевич Склярдың, Мәжілістің Қаржы комитетінің мүшелеріне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметіне Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың және Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарынаЕралы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатуралары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына ұсынылды.

Сұрақ-жауап рәсімінен кейін тиісті комитеттердің мүшелері қорытындылар қабылдады, атап айтқанда, аталған кандидаттарды тиісті лауазымдарға тағайындауға ұсыну мүмкіндігі атап өтілді.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне Асқар Қуанышұлы Омаровтың, Білім және ғылым министрі қызметіне Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың, Денсаулық сақтау министрі қызметіне Ажар Ғинияттың, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шәпкеновтың, Мәдениет және спорт министрі қызметіне Дәурен Әскербекұлы Абаевтың кандидатуралары ұсынылды.

Сондай-ақ Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау үшін Әлібек Сәкенұлы Қуантыровтың кандидатурасы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевтың кандидатурасы және Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Бағдат Батырбекұлы Мусиннің кандидатурасы ұсынылды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне еліміздің Премьер-Министрі атынан ұсынылған Серікқали Аманғалиұлы Брекешевтің кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы қорытындылар қабылдады. Энергетика министрі қызметіне Болат Оралұлы Ақшолақовтың, Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Юрий Викторович Ильиннің кандидатурасы ұсынылды.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына ұсынылған Ербол Шырақпайұлы Қарашүкеевтің кандидатурасын қолдады.  Заңнама және сот құқықтық реформа комитеті мүшелеріне Әділет министрі лауазымына Қанат Сергейұлы Мусиннің кандидатурасы ұсынылды.

Талқылау нәтижелері бойынша Мәжілістің бейінді комитеттері аталған кандидаттарды тиісті министрліктердің басшылары лауазымдарына тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы қорытындылар қабылдады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі