Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.09.2022

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің кандидатурасын келісті


Нұр-Сұлтан, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Серік Жұманғариннің кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитеттің отырысында қаралды.

Қазақстан Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша депутаттарға кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынды.

Отырыстың қорытындысы бойынша комитеттің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Серік Жұманғаринның кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылданды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі - 74-63-01)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі