Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.09.2022

Мәжіліс Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кандидатурасын келісті


Нұр-Сұлтан, 2 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжілістің Әлеуметтік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму  министрі лауазымына тағайындау үшін Дархан Қыдырәлінің  кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитеттің отырысында қаралды.

 Қазақстан Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша депутаттарға кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысының орынбасары –  Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі Ермек Аманшаев ұсынды.

Отырыстың қорытындысы бойынша комитеттің Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму  министрі лауазымына тағайындау үшін Дархан Қуандықұлы Қыдырәлінің  кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылданды.

 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі - 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі