Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.09.2022

Мәжіліс депутаттары «Tomiris» жобасының қатысушыларымен кездесті


Нұр-Сұлтан, 9 қыркүйек, Мәжіліс үйі. «Tomiris» әйелдер көшбасшылығы бағдарламасына қатысушылар Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелерімен кездесті.

Кездесуде заң шығару және фракция қызметі туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Сондай-ақ әйел депутаттар өздерінің кәсіби шеберліктерімен, табысқа жету жолындағы мақсат-мүдделерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

Фракция жетекшісінің орынбасары Ирина Унжакованың айтуынша, басшылық лауазымдарда әйелдер рөлін арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда  «Tomiris» бағдарламасы әйел азаматтардың кәсіби қалыптасуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесуге Мәжіліс депутаттары Айгүл Құспан, Ирина Унжакова,  Жәмилә Нұрманбетова, Снежанна Имашева, Зарина Камасова, Ләззат Рамазанова, Мақпал Тәжмағамбетова қатысты.

«Tomiris» бағдарламасының қатысушылары сондай-ақ, Мәжіліс ғимаратын аралап шықты.

Айта кетейік, «Tomiris» бағдарламасы осы жылдың шілде айында «AMANAT» партиясының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, сондай-ақ Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылды.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстандағы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту және ілгерілету.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі )


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі