Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.01.2023

Мәжіліс Экология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын келісті


Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында депутаттар Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін Зульфия Болатқызы Сүлейменованың кандидатурасын келісті.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін Зульфия Болатқызы Сүлейменованың   кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды. 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі