Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.01.2023

Мәжіліс Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кандидатурасын келісті


Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында депутаттар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің министрі лауазымына тағайындау үшін  Марат Кәрімжанұлы Қарабаевтың кандидатурасын келісті.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің министрі лауазымына тағайындау үшін  Марат Кәрімжанұлы Қарабаевтың кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды. 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі