Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.01.2023

Мәжіліс Әділет министрінің кандидатурасын келісті


Астана, 4 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Азамат Несіпбайұлы Есқараевтың кандидатурасын келісті. 

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындау үшін Азамат Несіпбайұлы Есқараевтың кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттің тиісті қорытындысы қабылданды. 

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі