Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.05.2024

Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды


Астана, 9 мамыр. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Ақжайық» саябағында орналасқан монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне Парламенттегі фракция жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.

Аға сержант және пулеметшілер тобының командирі Мәншүк Мәметованың елордадағы ескерткіші 2018 жылы ашылды. Қазақтың даңқты пулеметшісі 19 жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол 21-атқыштар дивизиясы мен 100-атқыштар бригадасының құрамында шайқасты. 1943 жылы қазанда Невель түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-04. Фото Ж.Жұмабеков.

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі