Өмірбаяны

Жеке парағы
ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна, орыс, 1980 жылы 18 қазанда Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2002 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2010 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін Педагогика және психология магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Еңбек жолын 2002 жылы «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

2009-2010 ж.ж. - Абай Мырзахметов атындағы «Арна» Көкшетау колледжінде директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;

2010-2016 ж.ж.- «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары»;

2008-2016 ж.ж. - «Қазақстан» телерадиокорпорациясында редактор, тележүргізуші (қоса атқарушы), Ақмола облыстық филиалы;

1.03.2016-15.01.2021 ж.ж. – «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектеп» КММ директоры;

2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты болып сайланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған.

2007 жылынан бастап «NurOtan» партиясының мүшесі.

Қазақстан халқының бірлігі мен мәдениетаралық диалогты, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі, түрлі іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша қол жеткізген жетістіктері үшін:

1. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2012 ж.)

2. «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2020 ж.)

3. «Мейрім» төсбелгісі (2020 ж.)

4. «Құрмет» орденімен (2020 ж.) марапатталды.

Тұрмыста, Бір баласы бар.


Жеке парағы