Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
БАЗАРБЕК Бақытжан Жұмабекұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1981 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысының Жамбыл (Тараз) қаласында туған.

Тараз қаласының Төле би атындағы № 8 мектебін тәмамдаған.

1998 – 2002 жж. Қазақ Мемлекеттік заң академиясының «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды (Алматы қ).

2002 ж. бастап Л. Н. Гумилев Еуразиялық ұлттық университетінің Заң институтының «Мемлекет және құқық» кафедрасы оқытушысының ассистенті, «Аграрлық және экологиялық құқық» кафедрасының жер және экологиялық құқық бойынша оқытушы болып жұмыс істеді (Астана қ).

2002 ж. 27 желтоқсан – 2004 ж. тамыз аралығында Л. Н. Гумилев Еуразиялық ұлттық университетінің Заң институты директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары және «Аграрлық және экологиялық құқық» кафедрасының аға оқытушы қызметін қоса атқарды (Астана қ).

2004 ж. 19 наурыз – 2004 ж. 30 тамыз аралығында «Білім мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК-ның Әкімшілік-құқық бөлімі бастығының міндетін атқарды (Астана қ)..

2004 ж. қыркүйек пен 2015 ж. наурыз аралығында Қаз МЗУ-нің азаматтық-құқықтық пәні кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді (Астана қ).

Сонымен бірге 2007 – 2009 жж. «Орманды қорғау» ЖШС-нің Заң бөлімінің бастығы қызметін атқарды (Астана қ).

2015 ж. сәуір – тамыз аралығында «Көлік сервисі орталығы» АҚ-ы Заң бөлімінің бастығы болды (Астана қ).

2015 ж. қыркүйек пен 2016 ж. тамыз аралығында – «Тұран – Астана» университетінің «Азаматтық және азаматтық-процестік құқық» кафедрасының оқытушысы (Астана қ).

2016 ж. қазаннан бастап «Bazarbek Partners» заңгерлік консалтингтік компанияның директоры (Алматы қ).

2023 ж. наурыздан – бір мандатты сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты.

Отбасылы, екі баласы бар.

Жеке парағы