Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ИСАБЕКОВ Данабек Ержанұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1983 жылы 27 маусымда Өзбекстан Республикасы Джизак облысында дүниеге келген, қазақ.

2004 жылы Қазақстан Гуманитарлық Заң университетін - «заңтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін - «қаржы» мамандығы бойынша және 2020 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін - «жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қалалық Қазынашылық департаментінде жетекші заңгер болып бастаған.

2006-2007 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің операторы, мұрағатшысы болып жұмыс істеген.

2007-2009 жылдары Шымкент қаласы «MAD LTD и К» ЖШС-нің директоры қызметін атқарған.

2009-2014 жылдары Шымкент қалалық ОҚОФРМК «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылы Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-нің директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2015 жылдары «ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ОҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-нің директорықызметін атқарған.

2015-2016 жылдары ҚР Әділет Министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-нің ОҚО бойынша филиал директоры қызметін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаментінің директоры қызметін атқарған.

2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің директоры қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиал директоры қызметін атқарған.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2023 жылдың 19 қаңтар аралығында Шымкент қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты, Заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болған.

«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Елеулі еңбегі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдарымен және «Азаматтарға арналған үкіметтің құрметті жұмыскері» төсбелгісімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Шымкент қаласы әкімінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және «AMANAT» партиясының алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен марапатталған.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 23 наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Отбасылы, бес баласы бар.

Жеке парағы