Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
МЫСЫРӘЛІМОВА Айна Ермекқызы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
1966 жылы 8 сәуірде Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Колос ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын «Филология, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

2007 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Әлеуметтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау қаласындағы №19 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1994-2005 жж. - Мемлекеттік әкімшілік қызметтің жергілікті атқарушы органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005-2008 жж. - Ақмола облысының Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2008-2011 жж. - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары.

2013-2015 жж.- Аршалы ауданы әкімінің орынбасары.

2015 ж. - Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі .

11.2015–06.2017 жж. - Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы.

19.06.2017–05.2022 жж.- Ақмола облысы әкімінің Әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

05.2022-12.2022 жж. - Ақмола облысы бойынша «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы.

12.2022-27.03.2023 жж. – «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы.

28.03.2023 ж. – осы уақытқа дейін- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Марапаттары

Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдары, ведомстволық наградалары.

Отбасылы, екі ұл тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы