The website color
Distance between letter distance
Images
16.06.2017

Алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана. 16 маусым. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады.

Ол бойынша депутаттар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауға өзгерістер енгізуге және  жарнама мәселелері бойынша толықтыруларға қатысты заң жобаларын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

Алғашқысы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатын көздесе, екіншісі жарнама қызметін мемлекеттік реттеуді жүйелеуге бағытталған.  

 Сонымен бірге, Мәжіліс депутаттары назарына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылмақ.

Олардың қатарында Сербиямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, сондай-ақ, ұстап беру туралы және сотталған адамдарды беру туралы шарттар бар.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan