The website color
Distance between letter distance
Images
15.08.2017

Мәжіліс депутаттары Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясында болды


Астана. 15 тамыз. Мәжіліс үйі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытжан Ертаев пен Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Жуалы ауданында болды. Олар аудандағы  бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, өлкенің тыныс-тіршілігімен танысты. Ең әуелі халық қалаулылары «Бурное Солар» күн электр стансасында болды. Аталған нысан Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы болып табылады. Қазіргі кезде оның қуаттылығы 50 мегават болса,  2018 жылы оны екі есеге арттыру көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде 30 мың үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті.Жобаның жалпы құны - 23,5 миллиард теңгені құрайды, бүгінде нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Одан әрі депутаттар аудандағы «Гамбург»,  «Бурное сүт компаниясы» серіктестіктерінде болып, Жуалы ауданының «құрметті азаматтары» аллеясына барды.  

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan