The website color
Distance between letter distance
Images
20.08.2019

Мәжіліс ҚР Премьер-Министр орынбасарының кандидатурасымен келісті


 

Нұр-Сұлтан, 20 тамыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына келісім берді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынып, Б. Сапарбаевтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan