The website color
Distance between letter distance
Images
12.11.2019

Екіжақты қатынасты одан әрі нығайтуға назар аударылды


 

Нұр-Сұлтан, 12-қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісітің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Антал Хейзермен кездесті.

Биыл Қазақстан мен Венгрия арасында стратегиялық әріптестіктің орнағанына 5 жыл толды. Аз уақыттың ішінде қол жеткен табыстар ішінде Мұхтар Ерман «Нұр-Сұлтан-Будапешт» тікелей әуе рейсінің ашылуын, стратегиялық кеңестің 3 отырысының өткізілгенін, атом өнеркәсібі және туризм салаларында ынтымақтастық жөніндегі жұмыс топтарының құрылғанын,тікелей инвестициялар қорының бірлескен жобалары жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

Айта кетсек, Мажарстан Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі саналады.

Басым бағыттар қатарында ауылшаруашылығы, көлік, әскери-өнеркәсіптік басқа салаларды атап өтуге болады.

 Кездесу иелері халықаралық ықпаладастық деңгейіндегі мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.

Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі ретінде парламентаралық байланысты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.   

 

 ( ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

                              

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan