The website color
Distance between letter distance
Images
24.01.2020

Н. Нығматулиннің төрағалығымен алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Нұр-Сұлтан, 24 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылайды деп күтілуде.

Атап айтар болсақ, депутаттар назарына дүниежүзілік пошта одағының  Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Хаттаманың мақсаты сапалы, қолжетімді, әмбебап пошта қызметтерін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін аталған одақ шеңберінде халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындау.

Сондай-ақ, осы күні Өзбекстанмен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралмақ.

Тараптар келісімге сәйкес, өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастық жасайды.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan