The website color
Distance between letter distance
Images
04.11.2020

Нұрлан Нығматулин Вена қаласындағы және Қабылдағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты


Нұр-Сұлтан, 4 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Аустрия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Вольфганг Соботкаға және Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Волеси Джиргасының Төрағасы Мир Рахман Рахманиға лаңкестік шабуыл салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің және Палата депутаттарының атынан Вена қаласында және Қабыл университетінде жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан қаза тапқандардың отбастарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Аустрия мен Ауғанстан халқына сабырлылық пен төзімділік тілеп, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.

 

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan