The website color
Distance between letter distance
Images
30.11.2020

Н.Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеяның отырысына қатысты


Нұр-Сұлтан, 30 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйледі. Бейнеконференция форматында Кеңес отырысы және ҰҚШҰ ПА он үшінші пленарлық отырысы өтті.

Отырыстарда Ресей Федерациясының ҰҚШҰ-ға 2020 жылы төрағалық ету басымдықтарын іске асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы жағдай және ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы айтылды.

Сонымен қатар Парламент өкілдері жаппай қырып-жою қаруының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, жаңа психобелсенді заттарды мемлекеттік тіркеуге қатысты ҰҚШҰ мемлекеттерінің ортақ тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың авиациясының халықаралық ұшуларын ұйымдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар қабылдады.

Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Қызмет бағдарламасын, сондай-ақ ҰҚШҰ ПА-ның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, құжаттар Ассамблеяның нормативтік-құқықтық базасын тереңдету үшін тақырыптар мен бағыттар кеңінен қамтылып, бүгінгі күннің шынайылығын ескере отырып, егжей-тегжейлі пысықталған.

Сондай-ақ, келесі бес жылға арналған бағдарламада ауқымды деректерді қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ұлттық заңнаманы дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, цифрлық қолтаңбалар жасау мәселелеріне қатысты модельдік актілер бар.

Отырыстарға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның парламент және палаталарының басшылары, сондай-ақ Ауғанстан мен Сербия ҰҚШҰ ПА бақылаушы ретінде қатысты.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж. Құспанов).


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan