Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.08.2019

Мәжілісмендер #Birge #TazaQazaqstan экочелленджін қолдады


Нұр-Сұлтан, 24 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары бүгін Нұр-Сұлтан қаласының маңында өткен #Birge #TazaQazaqstan экочелленджіне қатысты. 

                Мәжілістегі барлық саяси партиялардың парламенттік фракциялары «Nur Otan», «Ақ жол», «ҚКХП», Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ Мәжіліс Аппараттарының қызметкерлері мен еріктілер Қосшы ауылының жанындағы Нұра өзенінің жағасын қоқыстардан тазартты.

Пластикалық және шыны бөтелкелер, құрылыс және бірнеше жылдан бері жиналған тұрмыстық қалдықтар әр түрлі контейнерлерде жиналып, әрі қарай өңдеу мен жоюға шығарылды.

-        Мәжіліс депутаттары Birge Taza Qazaqstan акциясын қолдайды. Мұндай акциялардың қажет екені сөзсіз. Осы орайда, табиғатты сақтаудың ең бастысы оны ластамау. Біз алдағы сессияда қоршаған ортаны ластағаны үшін жазаны қатайту бойынша жұмыс істейтін боламыз. Әсіресе, қазір Үкіметпен бірге біз жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу үстіндеміз. Бұл мәселелердің бәрі сол жерде ескеріледі деп ойлаймын, - деді Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский.

-        Экологиялық акцияға барлығы 1500 адам қатысып, 7 тоннаға жуық қоқыс жиналып, шығарылды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж. Құспанов).

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі