Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.01.2020

Депутаттар Жаңаауылдағы ет өңдеу зауытының ұжымымен кездесті


 

                Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Мейрам Пішембаев пен Нұрлан Әшімбетов Павлодар облысындағы ет өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

                Онда депутаттар етті қайта өңдеудің толық циклімен танысты және ҚазАгроҚаржы мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие беру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады.

                Жаңаауыл ауылында орналасқан «Абай» ЖШС - ауылшаруашылық өнімдерін сатумен айналысатын республикадағы ірі агроқұрылымдардың бірі болып табылады. Мәжіліс депутаттары еуропалық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен және әлемдік стандарттарды сақтай отырып автоматтандырылған технологиялық үдерістермен танысты. Жабдықтың техникалық сипаттамаларына сәйкес, комбинаттың өндірістік қуаты 100 мың тоннадан кем болмайды.

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. «Nur Otan» партиясы филиалының материалдары бойынша).

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі