Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.01.2020

Депутаттар Оқушылар сарайының ұжымымен «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылады


                Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Нұр-Сұлтанда Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Светлана Бычкова мен Қанат Мусин Оқушылар сарайының ұжымымен кездесті.

                Әңгіме барысында мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

                «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заңның қабылданғанын айта келе, мәжіліс депутаттары 2020 жылдың қаңтарынан бастап жалақыны кезең-кезеңімен 25%  дейін арттыру, олимпиада жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдерге материалдық ынталандыруларға, сондай-ақ педагогтардың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік шараларына баса назар аударды.

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. «Nur Otan» партиясы филиалының материалдары бойынша).

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі