Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.01.2020

Елордалық «Эндохирургия клиника» мәселелері депутаттық бақылауға алынды


                Нұр-Сұлтан, 5 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы Гүлжан Қарақұсова және аталған Комитеттің Хатшысы Татьяна Яковлева Нұр-Сұлтанда өткен жылы ашылған эндохирургия клиникасының ұжымымен кездесті.

                Медициналық мекеме «ДАМУ» субсидиялау бағдарламасы бойынша сатып алынған үй-жайда орналасқан және кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде қызмет көрсетуге арналған медициналық орталық ретінде толықтай жабдықталған. Мекеме «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында салынған.

                 Алайда, емхана басшысы Салтанат Дженалиеваның айтуынша, клиникаға тіркелген адам саны тиіті талап деңгейне жетпегендіктен, мекеме науқастарға әлі қызмет көрсетпейді.  

                Медицина қызметкерлерінің өтініштерін тыңдай отырып, Мәжіліс депутаттары «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасындағы басты міндеттердің бірі - халыққа қолайлы жағдай жасау және, ең алдымен, медициналық қызметтердің қолжетімді болуын атап өтті.

                Атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді, оның негізінде жеке инвестор үй-жай салып, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді, содан кейін мемлекет МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді алуды қаржыландырады.

                Клиниканынң қазіргі тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысқан Мәжіліс депутаты Г.Қарақұсова алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе отырып, түйіткілді мәселенің шешімін табуға ықпал ететін жеткізді.

 

                (Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратқан, 74-63-04. «Nur Otan» партиясы филиалының материалдары бойынша).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі