Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.01.2020

Мәжілісмендер Жамбыл және Қостанай облыстарының өндірістік кәсіпорындарында болды


 

                Нұр-Сұлтан, 6 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары аймақтарда жұмысын жалғастыруда. Олар өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен және халықпен кездесулерді өткізуде.

                Депутаттық кездесулердің басты тақырыбы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асырудағы басым бағыттары, сондай-ақ Мәжілістің заңнамалық қызметі.

                Осындай кездесулердің бірі бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Қожахан Жабағиев пен  Бақытжан Ертаевтың қатысуымен Жамбыл облысының Қаратау қаласында «Talas Investment Company» кәсіпорнында өтті.

                Ал Қостанай облысының Лисаковск қаласында Мәжіліс депутаты Альберт Рау «Қазақстан Алюминийі» АҚ Краснооктябрьский боксит өндіру басқармасының еңбек ұжымымен кездесті. Компания ТМД-дағы ең ірі боксит өндіретін кәсіпорындардың бірі болып табылады.

                Сайлаушылармен әңгіме барысында депутаттар Президент Жолдауында өңірлерді дамыту жөніндегі міндеттері қалай жүзеге асырылып жатқандығын талқылады.

                Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары қолданыстағы заңнамаға әлеуметтік мәселелер, кәсіпкерлікті қолдау және өңірлік дамуға қатысты енгізілген түзетулерді түсіндірді.

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. «Nur Otan» партиясы филиалының материалдары бойынша).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі