Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.01.2020

Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады


 

                Нұр-Сұлтан, 7 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын  Рождество мерекесімен құттықтады.

Мерекелік құттықтауын өзінің Twitter парақшасында жариялады. https://twitter.com/NigmatulinKZ/status/

                "Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Осынау жарқын мейрам әрбір үйге, әрбір отбасына жылылық, қуаныш әкелсін. Барша қазақстандықтарға денсаулық, ырыс-құт, бақ-береке тілеймін", деп жазды Н. Нығматулин.

                Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл мереке адамдарды мейірімділік, қайырымдылық сынды жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтар төңірегінде біріктіре отырып, бейбіт өмір мен өзара түсіністікке жетелейді. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет Басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев саясатының негізімен үндеседі. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстан қоғамдық және конфессияаралық келісімде көптеген елдерге үлгі болып келеді.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі