Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2020

Мәжілісмендер Алматы облысында азаматтарды қабылдауда


 

Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Алматы облысының Іле ауданында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдау өткізді.

Кездесуге қатысушылар депутаттарға өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, ақыл-кеңес алды.

Қойылған сауалдардың көбі әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және ауылды абаттандыру мәселелеріне қатысты болды.

Мәселен, Қапиза Нұранова депутатқа Жетіген ауылындағы Жаңаталап көшесінің жолын жөндеуге ықпал етуін сұрады.

Өтініш берушілердің барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған депутаттар, уәкілетті органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңнама аясында бұл мәселелерді шешуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.

Кездесу барысында О.Өксікбаев «Nur Otan» партиясының депутаттары өз сайлаушыларымен үнемі байланыста болып, ауыл тұрғындарының проблемаларына барынша көңіл бөлетінін атап өтті.

Мəжіліс депутаты бұл мәселелерді Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі қадағалап отыратының жəне Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқына Жолдауында осы туралы сөз қозғағандығын айтты.

Халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар болған депутаттың айтуынша, бүгінгі қабылдау аудан тұрғындарының билікпен диалогқа және жалпы мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екендігін көрсетті.

 

(Мəжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратқан).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі