Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2020

Мәжіліс депутаттары Алматы облысында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады


 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Алматы облысында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Амангелді Дәуренбаев және Әбдіманап Бектұрғановтың сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.

Депутаттық кездесулердің тақырыптары Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асырудағы басым бағыттарын, сондай-ақ Мәжілістің заңнамалық қызметін түсіндіруге бағытталған.

Бүгін Байсерке ауылында депутаттар өткен жылы ашылған «Лукойл Лубрикантс» зауытының ұжымымен кездесті. Кəсіпорын жылына 100 мың тонна өнім шығаратын «Лукойл» ресейлік мұнай компаниясының еншілес құрылымы болып табылады.

Зауыттың еңбек ұжымен кездесу барысында депутаттар шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру қажеттілігін атап өтті.

Аймақтағы іс сапарлары шеңберінде депутаттар «Nur Otan» партиясының филиалдарында азаматтарды қабылдау өткізді. Кездесулерде айтылған проблемалық мәселелер депутаттық бақылауға алынды.

Мәжіліс депутаттары облыста жұмысын жалғасуда.

 

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясы филиалының материалдары бойынша).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі