Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2020

Мәжілісмендер Маңғыстау облысының шалғай аудандарында болды


Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері Тарас Хитуов пен Сәкен Өтебаев Маңғыстау облысында Маңғыстау облысының Бекі елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» бастамалары, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттары және Парламенттегі заңнамалық жұмыс әңгіме өзегіне айналды.

Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі ережелеріне тоқталып, оны жүзеге асыру елміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының артуына ықпал ететіндігін атап өтті.

Кездесу барысында депутаттар сайлаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сауалдардың көбі ауылдарға газ тарту, жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, көп балалы отбасылардың жағдайы мен аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.

Жиынға қатысушы аудан тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау білдіре, Бекі ауылы мәселелеріне тоқталып, ұсыныстарын білдірді.

Депутаттар айтылған өзекті мәселелерді құзырлы органдармен бірлесе отырып, қарастырылатынын жеткізді.

 

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясы филиалының материалдары бойынша).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі