Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2020

Нұрлан Нығматулин Иранда әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты


 

                Нұр-Сұлтан, 8 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тегеран қаласына жақын маңда орын алған "Халықаралық Украина әуежолы" ұйымына тиесілі әуе кемесінің апатқа ұшырауынан қаза болған азаматтар елдерінің Парламенті төрағаларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

                «Тегеранда ұшақ апатынан орын алған қайғылы жағдайды күйзеліспен қабылдадым. Оқиға салдарынан қаза болған азаматтар елдері Парламенттерінің Спикерлеріне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Қаза болғандардың отбастарына, барша жақындарына қайғырып көңіл айтамын», деп жазды Нұрлан Нығматулин өзінің Твиттердегі жеке парақшасына. https://twitter.com/NigmatulinKZ/status/

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі