Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2020

Нұрлан Нығматулин көрнекті ғалым Өмірзақ Айтбайұлының отбасына көңіл айтты


 

                Нұр-Сұлтан, 9 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге өлшеусіз үлес қосқан, көрнекті ғалым, қайраткер тұлға, академик Өмірзақ Айтбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туысқандарына орны толмас ауыр қазаға ортақтасып, көңіл айтамын. Өмірзақ ағамыз үлкен жүректі, ұлтжанды, ақыл-парасаты биік, асыл жандардың бірі еді.  Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми еңбектері, рухани мол мұрасы алдағы уақытта да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, егемен еліміздің игілігіне қызмет ететіні сөзсіз»,-делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Н. Нығматулин:

                «Саналы ғұмырын ұлт болашағына арнаған көрнекті ғалым Өмірзақ Айтбайұлы дүниеден өтті. Өмірзақ ағамыздың мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту, тіл заңнамасын қалыптастыру жолындағы елеулі еңбектері әрқашанда Парламент депутаттарының есінде қалады»,-деп жазды өзінің Твиттердегі жеке парақшасына. (https://twitter.com/NigmatulinKZ/status/)

 

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі-746302)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі