Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.11.2020

Нурдинжон Исмоилов: Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Қазақстан мемлекеттілігінің бастауында тұрған көрнекті тұлға


Нұр-Сұлтан, 26 қараша, Мәжіліс үйі. Өзбекстанның Олий Мәжілісі заң шығару палатасының Спикері Нурдинжон Исмоилов қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, бұл мерекені Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің беріктігі мен тиімділігін бағалаудың тамаша мүмкіндігі деп атады.

 Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Нурдинжон Исмоилов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан мемлекетін құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға екенін айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының мүдделері үшін ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

- ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік тамырын тереңдете түседі және екі елдің басшылары Шавкат Мирзиеев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудағы жоғары рөлін атап өтуге мүмкіндік береді, - деді Өзбекстанның заң шығару палатасының Спикері.

Нурдинжон Исмоиловтың айтуынша, қос ел арасындағы стратегиялық өзара байланыс дәстүрлі түрде жоғары деңгейде әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, қарқынды дамып келеді.

Өзбекстанның заң шығару палатасының Спикері екі ел арасындағы Парламентаралық ынтымақтастықты жоғары бағалап:

-Біз, екі елдің парламентшілері, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз және өз құзыретіміз шеңберінде оны кеңейтуге үлес қосамыз, - деді Нурдинжон Исмоилов.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі