"Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Киясбаева Патима Мұхамеджанқызы
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1966 жылы 19 сәуірде туған.

Білімі жоғары: Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Инженер-химик-технолог, мемлекеттік қызмет саласындағы заңгер-маман, іскерлік әкімшілендіру мастері (МВА).

Еңбек жолын 1986 жылы «Қазтұрмыстехника» ғылыми-өндірістік бірлестігінің зерттеу бөлімінде техник болып бастады.

1992-1994 жылдары – ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі Жалпы бөлімінің аға инспекторы, Бас қаржы-экономикалық басқармасының маманы.

1994-1996 жылдары – ҚР Орталық сайлау комиссиясының Жалпы бөлімінде инспектор, аға инспектор.

1996-2007 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратында Комитеттермен жұмыс жасау жөніндегі бөлімнің аға маманы, бас сарапшысы, консультанты, Заңнама бөлімінің, Қаржы және бюджет комитеті Хатшылығының бас консультанты қызметтерінде болды.

2007 жылдың қараша айында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.