Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕСПАЕВА Дания Мәдиқызы
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
Еспаева Дания Мәдиқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы, Яйсан ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары:

1982 жылы Алматы есеп-кредиттік техникумын, 1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік бітірді.

Еңбек қызметі:

Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік Банкінің Ақтөбе облыстық Басқармасының несиелеу бөлімінің экономисі болып бастаған.

1986-1987 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық Басқармасының несиелеу бөлімінің аға экономисі.

1988-1991 жж. – Промстройбанктің облыстық басқармасының ақша айналымы бөлімінің аға экономисі.

1992 ж. - «Тұран» СҚ Ақтөбе филиалының бас есепшісі.

1992-1995 жж. - «Тұран» СҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары.

1995-1997 жж – «Алем Банк Қазақстан» Ақтөбе облыстық басқармасы несие бөлімінің бас маманы, несие бөлімі бастығының орынбасары, несие бөлімі бастығының міндетін атқарушы.

1998 - 2005 жж. - «БТА Банкі» АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары.

2006 жылдан 2014 жылғы қарашаға дейін - «БТА Банкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.

2014 жылдың қараша айынан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры. Ол банк жүйесінде 1982 жылдан бастап жұмыс істейді, осы саладағы жалпы жұмыс өтілі 34 жылды құрайды, оның 17 жылы - басқарушылық қызметте, банктің барлық саласында мол тәжірибе мен терең білім жинақталды.

Д.М.Еспаева – белсенді өмірлік ұстанымы бар, табанды, өз ісінің нағыз кәсіби маманы.

Марапаттары:

2011 жылы облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және облыс экономикасын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін Мемлекеттік «Құрмет» орденімен, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медалімен, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік қаржыгер» Қоғамдық медалімен марапатталды.

Қоғамдық және қайырымдылық қызметі: Екі рет облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды (2008ж., 2012ж.), «Атамекен» Одағы Ақтөбе филиалы Басқармасының мүшесі, Ақтөбе облысының аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшесі.

14 жылдан астам уақыт бойы ол облыс әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі болды. Аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады.

Екі баласы бар.

Жеке парағы