Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.04.2019

Н.Нығматулин: Елбасының еуразиялық бастамасы шетелдік Парламент өкілдерінің қызығушылығын тудыруда


Нұр-Сұлтан, Мәжіліс үйі, 25 сәуір. Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті.

Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады.

Елбасының еуразиялық бастамасы бүгінгі күніәлемдік деңгейдезор әлеуетке ие болып отырғанын айтқанМәжіліс Төрағасы халықаралық парламентаралық қоғамдастық өзекті мәселелерді және Қазақстанның астанасында Еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолдарын талқылауға ынталы екенін атап өтті.

Іс-шараға 70-тен астам елден делегациялар қатысады деп күтілуде.

Осыған орай, Ұйымдастыру комитетінің мүшелерімаңызы зор саяси халықаралық оқиға саналатын алдағы парламенттік форумға дайындықмәселелерін қарады.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)