Астана, 27 сәуір. Бүгін Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Жалпы қалалық сенбілікте олар 350 түп ағаш отырғызды.
Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.
Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.
Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген - Т.Таныбаев.
Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan